Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (07.08.2023 ж. өзгерістермен)
сәйкес, Майтөбе орта мектебінде бекітілген бірыңғай мектеп формасы
2024–2025 оқу жылында сақталды.
? 2025–2026 оқу жылында да мектеп формасы өзгеріссіз қалады.
Мектеп формасының мақсаты:
• Оқушыларды тәртіпке шақыру;
• Әлеуметтік теңсіздікті болдырмау;
• Балалар мен жасөспірімдер арасындағы орынсыз еліктеушілік пен фанатизмнің алдын алу.
? Ер балалар үшін:
• Қою көк түсті костюм-шалбар;
• Ақ жейде;
• Қыста – трикотаж жилет немесе тоқыма күрте;
• Шалбар ұзындығы тобықты жауып тұруы тиіс.
? Қыз балалар үшін:
• Ақ блузка;
• Қою көк түсті белдемше (тізеден 5 см-ден жоғары емес);
• Белгіленген үлгідегі қою көк түсті жилет, пиджак;
• Қыста – трикотаж жилет немесе тоқыма күрте;
• 2 ақ бантик;
?♂ Спорттық киім:
• Ақ футболка, қара шорты;
• Қыста – қара трико, қара спорттық костюм;
• Табаны ақ түсті кроссовка немесе кеды.
? Тыйым салынады:
• Діни конфессияларға қатысты киім элементтері;
• Жарақаттауы мүмкін фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар.
? Бірыңғай мектеп формасын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!


